Skip to content
Главная страница » Ү.ж 17 қыркүйек күні Достық үйінде «Салауатты сана» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында отырыс өтті.

Ү.ж 17 қыркүйек күні Достық үйінде «Салауатты сана» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында отырыс өтті.

Ү.ж 17 қыркүйек күні Достық үйінде «Салауатты сана» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында отырыс өтті. Аталған шараға Талдықорған қалалық заң колледжінің студенттері қатысып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкері Асқаров Ермек, Талдықорған қалалық полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы Булумбаев Қанат Сарымсақұлы, Талдықорған қалалық сот әкімшісінің бас маманы Омаров Санжар Ақатайұлы сөз сөйледі.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *