🎉 «Жаңа толқын» жобасы аясында – ЕРКІН КЕЗДЕСУ өтті!
📌 Достық үйінде жастарға арналған ерекше форматтағы еркін кездесу сәтті ұйымдастырылды. Кездесу ашық диалог, еркін пікір алмасу және мотивациялық ортаға негізделіп, жастарға шабыт пен жаңа серпін сыйлады.
🔹 Шара тақырыбы: Жастар бастамасы, даму, мотивация
Кездесудің басты мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін ояту және өмірлік мотивация беру.
🎤 Шақырылған спикерлер:
– Занғар Мелсұлы – блогер, үздік мобилограф, мотивациялық тренер.
– Ғазиз Аманжолұлы – қоғамдық пікір көшбасшысы, жастар жобаларының үйлестірушісі.
🔹 Спикерлер өздерінің өмір жолы, кездескен қиындықтары мен жетістіктері туралы ашық бөлісіп, жастарға нақты кеңестер мен шабыт сыйлады.
💬 Кездесу қатысушылары көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Жастар арасында жаңа таныстықтар орнап, өзара серіктестік бастамалары туындады.
🌟 «Жаңа толқын» жобасы — жастардың дамуына жол ашатын сенімді алаң!
Сіздің браузер бейнені қолдамайды.