Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызметке шақыру және атқару бойынша жастар арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және тәрбие жұмысын жандандыру. Іс-шара түрлі этностардың үш жүзден астам өкілдерінің қатысуымен өтті.
Спикерлер арасында Жетісу облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары – Басқарма бастығы подполковник Р. К. Рахимбаев; Жетісу облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің заң қызметінің бастығы, майор Е. А. Адырбаев; 5514 әскери бөлімі, ұлттық ұлан полкі командирінің көмекшісі, әділет лейтенанты Д. Б. Сингаевский; “Облыстық орыс орталығы” Т.И. Трофимова.
Кездесу барысында спикерлер әскери қызметтің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.




