Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Баймадиева Жамал Қасымбекқызы “Адал азамат” жобасы аясында “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу “Кәсіби қарым-қатынас әдебі және өзара сыйластық” тақырыбына арналды.


Іс-шараның мақсаты – еңбек ұжымында өзара құрметке негізделген тиімді коммуникацияны қалыптастыру, кәсіби этиканы нығайту және қоғамдағы келісім құндылықтарын дәріптеу.
Кездесу барысында ұйым ішіндегі атмосфераны жақсартуға ықпал ететін келесі маңызды тақырыптар талқыланды:
- Кәсіби этиканың маңызы;
- Жауапкершілік пен ресми қарым-қатынас мәдениеті;
- Дау-дамайдың алдын алу жолдары;
- Көпэтносты ортадағы тілдік этикет пен толеранттылықты сақтау.

Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Мұндай шаралар ұйымішілік атмосфераны нығайтып, тиімді жұмыс мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал ететіні атап өтілді.
