Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастыруымен “Рухтың күші әкеде” жобасы аясында “Әке отбасының тірегі” атты форумы өткізілді.
Шараға Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Абибеков Бауыржан Бақытұлы, Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Ардагерлер, басқарма басшылары, қаламыздың білім беру мекемелерінің ұстаздары, этномәдени бірлестіктер және әскерилер қатысты.
Форумның мақсаты – әкенің қоғамдағы рөлін күшейту, баланың әкеге деген құрметін арттыру болды. Форумға аудан, қаладан әкелер қатысып «Асыл әке» медалімен марапатталды. Қатысушыларды, «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық ұйымның төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы марапаттады. Шара соңында келген қонақтар «Мұғалім» әлеуметтік-мультимедиалық драма қойылымын тамашалады.




