Ағымдағы жылдың 23 мамырда, Достық үйінде, Талдықорған қаласының балаларды оңалту орталықтары мен мектеп – интернаттарының тәрбиеленушілері мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «ТАЛАПТЫҒА НҰР ЖАУАР» шығармашылық фестивалі өтті.
🔹Аталған іс-шара ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру, әлеуетті мүмкіндіктерді ашу, мүмкіндігі шектеулі немесе мүгедек балалардың шығармашылық өзін-өзі көрсетуіне және тұлғалық дамуына жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.







