Ағымдағы жылдың 29–30 қараша күндері Жетісу облысының әкімдігі, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал журналист және қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған футзалдан Республикалық турнир өтті.
Турнирдің мақсаты:
Бейсен Құранбек – қазақ журналистикасының қайраткері, шынайылық пен әділдікті ту еткен тұлға. Бұл турнир оның жарқын бейнесін еске алып, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, достық пен бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Турнирге Қырғыз Республикасы және Қазақстанның әр өңірінен келген 10 команда өзара бақ сынасты. Атап айтсақ, Қырғыз Республикасынан – «Қырғыз», Астана қаласынан – «Qaz365.kz», «Хабар-24», Алматы қаласынан – «Алматы», Шымкент қаласынан – «Күнгей кз», Алматы облысынан – «Қонаев», Жамбыл облысынан – «Жамбыл тв», Жетісу облысынан – «Qareket», Қызылорда облысынан – «Ақмешіт», Шығыс Қазақстан облысынан – «Шығыс» командалары қатысты.
🏆 Турнир қорытындысы:
🥇І орын – «Qaraket» командасы – Жетісу облысы (1 000 000 теңге);
🥈 ІІ орын – «Қырғыз» командасы – Қырғыз Республикасы –(700 000 теңге);
🥉ІІІ орын – «Qaz365» командасы – Астана қаласы (500 000 тенге);
🏅IV орын «Ақ мешіт» командасы – Қызылорда облысы (200 000 тенге) иеленді.








