Ағымдағы жылдың 7 қараша күні «Ортақ шаңырақ» жобасы аясында «Үздік отбасы» облыстық байқауы өткізілді. «Үздік отбасы» облыстық байқауы-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасының жағымды үлгісін дәріптеуге, мәртебесін арттыруға бағытталған.
Байқаудың мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) Отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасыдағы кәсіпті елге таныстыру, сол отбасыны жарыққа шығарып, үлгі ету.
3) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
4) Жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту, жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;
5) Отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
6) Мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау;
7) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Байқауда облыстың әр ауданынан келген өзге этнос отбасылары өз өнерлерін ортаға салды. Байқау екі кезеңде өткізілді.
Бірінші кезеңде «Отбасы шежіресі» тақырыбында отбасы мүшелері өздерін таныстырды.
Екінші кезеңде «Менің отбасым» тақырыбында рухани адамгершілік құндылықтары, отбасы тарихы және отбасы дәстүрлері бойынша дайындаған бейнероликтерін қорғады.
Нәтижесінде Ақсу ауданынан келген Нұрланбековтер отбасы «Үздік отбасы – 2023» атағына ие болып Бас жүлдені, 1-орын Қаратал ауданынан келген Пак отбасылары, 2-орынды Панфилов ауданының Ниязбакиевтар әулеті, 3-орынды Көксу ауданының Эйналовтар отбасы иеленді.
Байқауда өз бақтарын сынып, белсенділік танытқан өзге де отбасылары ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.








