Бүгін 18 шілде күні қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртып, елімізге насихаттау мақсатында Талдықорған қаласының Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 📌«Ақ отауға – ақ бата» облыстық форумы аясында «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға жасы 13-18 жасқа дейін ниет білдірушілер қатысты.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.К. Усанова қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтауды, шежірені білу арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің оның мәртебесімен мен маңыздылығына тоқталды.
🔸Сонымен бірге, ұлттық дәстүрлер мен қатынастарды нығайтуға, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртуға, елімізде насихаттауға ат салысуды шақырды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
- «Шежіре дегеніміз не?»
- «Таныстыру рәсімі»
- «Ата-бабадан келе жатқан дәстүрлер»
Комиссия мүшелерінің қорытындылауы бойынша:
🔹3 орынға және 40 мың теңгелік сертификатқа Панфилов ауданы, Толеуханұлы Нұрғали және Толеуханқызы Нұрсұлу ие болды;
🔹2 орынға және 60 мың теңгелік сертификатқа Ақсу ауданы, Бауыржанқызы Әдемі ие болды;
🔹1 орынға және 80 мың теңгелік сертификатқа Талдықорған қаласы, Мамажан Асыл Кәкімжанқызы ие болды;
🔻БАС ЖҮЛДЕГЕ және 100 мың теңгелік сертификатқа Алакөл ауданы, Қожақапан Айым Бұлғынбекқызы ие болды.
Сондай-ақ 5 қатысушы, 20 мың теңгелік ынталандыру сертификаттар мен дипломдар мен марапатталды.







