Алакөл – Жетісу және Абай облыстарының шекарасында орналасқан, шипалы тұзды суымен және қара тасты жағажайымен танымал, табиғи бірегей көл. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы аумағында (74 000 га) орналасқан, мұнда 200-ден астам құс түрі, соның ішінде қоқиқаздар мекендейді. Көлдің ұзындығы шамамен 104 км, ені 52 км-ге дейін жетеді, ал орташа тереңдігі 22 метр, ең терең жері 54 метрге жуық. Алакөлге 15-тен астам өзен құяды, олардың ішіндегі ең ірілері – Үржар, Еміл және Қатынсу, ал көлден ағып шығатын өзен жоқ.
Алакөл суы мен балшығы – минералдарға (йод, хлорид-натрий), радаонға және кремнийге, минералды тұздарға, бром мен фторға бай, Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Ал батпағы емдік қасиетке ие. Ол тері ауруларын, буын (радикулит), жүйке, тыныс алу жолдарын емдеп, иммунитетті нығайтады. Емдік саз бен тұзды су стрессті басып, дене жарақаттарынан кейін қалпына келтіруге көмектеседі, сонымен қатар косметологиялық маска ретінде жасаратын әсер береді. Көлдің көк сазы косметологиялық маска ретінде теріні емдеп, жасартады. Емдік курсы әдетте 7-10 күнге созылады, бұл ағзаны толықтай сауықтыруға мүмкіндік береді.
Алакөл бір күнде түсін бірнеше рет өзгертеді. Жел соқса-сұр, күн шықса-көк, ал жауын жауса-қызғылт түске айналады. Алакөл атауының шығу тегі табиғи ерекшеліктерімен байланысты. «Ала» сөзі қазақ тілінде әртүрлі, ала-құла деген мағынаны білдіреді, ал «көл» – су айдыны. Көл суының түсі ауа райына, күн сәулесіне және желдің бағытына қарай көк, жасыл, сұр немесе қара көк түске құбылып тұрады, сондықтан халық оны «Алакөл» деп атаған деген болжам бар.
Көл аймағы табиғи әртүрлілігімен де ерекшеленеді. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында құстардың 300-ден астам түрі кездеседі, олардың ішінде реликті шағала, қоқиқаз, аққу және басқа да сирек кездесетін құстар бар. Осы себепті Алакөл ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енгізілген.
Алакөл өте келбетті, табиғи рельфі сұлу қазаншұқырға жатады. Алакөл-махаббат мүйісі. Батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы, сондай-ақ жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.
Аңыз бойынша, Алакөл суында Шыңғысхан әскерлері жараларын жазса, нақты анығы, бұрынғы Кеңес одағы ғарышкерлері сапарларынан кейін осында денсаулықтарын күшейтіп, қалпына келген.
Қазіргі таңда Алакөл өңірі Қазақстандағы ірі туристік бағыттардың біріне айналып отыр. Көл жағалауында Ақши және Көктұма ауылдары маңында көптеген демалыс базалары, қонақ үйлер мен шипажайлар жұмыс істейді. Жазғы маусымда мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден мыңдаған турист келіп, табиғат аясында демалып, денсаулығын нығайтады. Алакөл – табиғаттың сұлулығы мен емдік қасиеті үйлескен, Қазақстанның баға жетпес табиғи қазыналарының бірі.






