Алакөл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған «Оқылмаған хаттар» көркем фильмінің салтанатты көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл туынды өңір тұрғындары үшін тағылымды әрі әсерлі мәдени іс-шараға айналды.

«Оқылмаған хаттар» — бұл тек кино емес, бұл адам жанының тереңіндегі сағыныш, айтылмай қалған сырлар мен тағдыр тауқыметі туралы сыр шертетін философиялық туынды.
Көрсетілім барысында қатысушылар бұл туындының қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтті.

«Бұл кино — бірлік пен татулықты, ортақ тарих пен тағдыр тоғысқан қоғамның терең мәнін сезіндіретін туынды. Ол біздің ортақ шаңырағымыздағы тыныштық пен келісімнің қаншалықты қымбат екенін тағы бір мәрте еске салады», — деді іс-шараны ұйымдастырушылар.
