Skip to content
Главная страница » «Бейбітшілік пен бірлік – табысты болашаққа сенімді жол» 2023

«Бейбітшілік пен бірлік – табысты болашаққа сенімді жол» 2023

2023 жылдың 15 қарашада агротехникалық колледжде білімгерлермен «Бейбітшілік пен бірлік – табысты болашаққа сенімді жол» тақырыбында кездесу өтті.
Отырыста колледж директоры А.Жұманбаев шараны ашып, студенттерді Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасқандығын, аталған ұйымның бірлік, келісім және тұрақтылықты қалыптастыруда бірқатар жұмыстарды үйлестіріп жатқандығын баса айтты.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Усанова өңірімізде этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайтуда аталған институттың ықпалы зор екендігін мәлімдеп, ағымдағы жылы өткізілген шараларды атап өтті.
Шара соныңда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсенді араласып, әрдайым қолдау білдіргені үшін, бірқатар колледж ұжымының мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *