
FACEBOOK ПАРАҚШАМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ
2023 жылдың 28 қарашада Талдықорған қаласының облыстық филармониясында Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім – қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылықтары» тақырыбында ғылыми – практикалық конференция өтті.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
📍Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич,
«Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
📍Калашникова Наталья Павловна,
Жетісу облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі
📍Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы,
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысы
📍Башбаев Айдар Карбозұлы және тағы басқа Республикадан, Жетісу облысынан келген спикерлер баяндама сөз сөйледі. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Жетісу облысының этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, РҚБ «Ассамблея жастары» белсенділері қатысты.
