Skip to content
Главная страница » ЭКСПЕДИЦИЯ

ЭКСПЕДИЦИЯ

2023 жылдың 9 қарашада Панфилов ауданының өңірінде орын алған Орбұлақ шайқасында ел қорғау жолындағы ерлік істердің ұйытқысы болған Салқам Жәңгір бастаған айқаста қаза тауып, жерленген қорымдарды Жетісу өңірінің тарих ғалымдарымен журналистерден құралған экспедиция мүшелері Қоғамдық даму басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен зерделеді.

Экспедиция барысында ғалымдар сол маңдағы жер жағдайын тексеріп, шайқасқа қатысты тың ақпараттарды жинады. Деректерге сәйкес тарихта қазақ жауынгерлерінің ел басына күн туғанда қайсарын танытып білек сабына кіріскендігі айырықша сипатталды.

Бейнероликтің сілтемесі

https://www.instagram.com/p/Czl9fU7MP0c/: ЭКСПЕДИЦИЯ
Бейнероликтің сілтемесі

https://www.instagram.com/p/Czl-CT2sXhq/: ЭКСПЕДИЦИЯ

Экспедицияның 2 кезеңі, Жаркент қаласынан 25-30 шақырым қашықтықта жатқан Жетісу Алатауынан ағып шығатын Үлкен Өзек өзенінің жағалауында орналасқан «Қашама» тарихи орнына жолға шықты. Аталған жерде тарих ғалымдары Қашама атауының себебін анықтап (Қабанбай бастаған қазақ сарбаздарының жоңғарларды Өзек өзенінің қуысына тіреп ертесінде олардың түні бойы жүзеге асырып, ойлап тапқан айласы нәтижесінде уысынан жіберіп алған), алдағы уақытта осы бір орынды қасиетті нысандардың қатарына қосу жұмысын қолға алды.

Экспедицияның 3 кезеңі, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінің бастамасымен Орбұлақ шайқасы жеңісіне 380 жыл толуына орай «Орбұлақ жеңісі – бірліктің жемісі» атты тақырыбында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды.

Конференция барысында қазақ тарихы мен батырлардың жанкешті ерлігін еске түсіру, өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық рухын көтеру, азаматтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын, ұлттық мәдени дәстүрлерін насихаттау мақсатында Орбұлақ шайқасы мен батырлардың ерлігі талқыланды.

Конференцияға Мұхамеджан Тынышпайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшылығы, аудандық мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері, өңірлік өлкетанушылар, тарих пәні мұғалімдері және колледж студенттері қатысты.

Бейнероликтің сілтемесі
https://www.instagram.com/p/Czl-WetsnHM/: ЭКСПЕДИЦИЯ

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *