Skip to content
Главная страница » «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жетекші Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жетекші Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жетекші Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар бойынша Жетекші Журналистер клубы 2009 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында этносаралық қатынастар, патриотизм, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сыйлау сияқты тақырыптарды кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында құрылды.
Клуб – ұлтаралық, қоғамдық келісімді және азаматтық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық алаң.

Бүгінгі жиында күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Жетекші Журналистер Клубының төрағасын және мүшелерін  сайлау. Үміткерлерді таныстыру
  2. Этножурналистика дегеніміз не? Бұқаралық ақпарат құралдарында этносаралық мәселелерді жариялау ерекшеліктері.
  3. 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау.
     
    Отырыста Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденінің, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі,  «Көзқарас» ақпараттық-талдау порталының Бас редакторы, Жетекші Журналистер клубының төрағасы Атсалим Саламович Идигов күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз сөйледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *