🎉 Құрметті отандастар!
5 қыркүйек – халқымыздың рухани қазынасы, ел бірлігінің айнасы болған Қазақстан халқы тілдері күні.
Бұл мерекенің басты мәні – әр ұлт пен ұлыстың тіліне құрметпен қарау, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, сондай-ақ ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайту.
🤝 Тіл – достықтың дәнекері, татулықтың тірегі.
Баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді де құрметтеуге шақырамыз.
🇰🇿 Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

