Skip to content
Главная страница » «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Әйел – сұлулықтың символы» аналар арасында облыстық байқау өтті.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Әйел – сұлулықтың символы» аналар арасында облыстық байқау өтті.

Ағымдағы жылдың 5 наурызда Талдықорған қаласы, Достық үйінде Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Әйел – сұлулықтың символы» аналар арасында облыстық байқау өтті. Байқауға 40–50 жас аралығындағы асыл жанды Аналар, барлығы 11 ана қатысты.
Байқаудың мақсаты қатысушы ардақты аналар, асыл әжелерімізді үлгі етіп, олардың ежелден ұстанып келе жатқан салт-дәстүрлерімен тыныс-тіршіліктерін байланыстыру. Сондай-ақ еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру арқылы ұлтымыздың құндылықтарын, дәстүрлі мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау.
Байқау 3 айналым бойынша өтті. Бірінші айналым: «Отбасындағы бақытты әйел» – бейнеролик арқылы отбасылық таныстыру. Екінші айналым «Сахна мәдениеті» – сахнада өзін өзі ұстау мәдениеті, эстетикалық талғамы, жасына қарай киімнің сәйкестігі және өзін көрсете білу. Үшінші айналым «Өнерлі Ана сымбаты» – қатысушы аналар бойындағы бар өнерлерін ортаға салды.

Әділ-қазылар алқасы шешімімен:
Бас жүлде – Қасенова Фая (Талдықорған қаласы) – 70 000 теңге.
І ОРЫН – Арипбаева Жазира (Панфилов ауданы) – 50 000 теңге.
ІІ ОРЫН – Абзалбекова Асем (Сарқан ауданы) – 30 000 теңге.
ІІІ ОРЫН – Садуакасова Батима (Алакөл ауданы) – 20 000 теңге.
Қалған қатысушылар ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *