«Золотые россыпи» фестивалі жас таланттардың жарқыраған өнерімен есте қалды. Бұл мәдени шара көрерменге шынайы мерекелік көңіл күй сыйлап, шығармашылыққа құштар жастардың әлеуетін кеңінен танытты. Сахнада өнер көрсеткен қатысушылар ән мен биді, ұлттық нақыш пен заманауи ырғақты үйлестіре отырып, өз шеберліктерін жоғары деңгейде паш етті.




Фестиваль бағдарламасы жан-жақты мазмұнымен ерекшеленді: дәстүрлі халық әндері мен билері заманауи қойылымдармен үндесіп, көрерменді рухани байытты. Әрбір нөмірден бірлік пен достықтың, өзара құрмет пен шабыттың айқын лебі сезілді. Өнерпаздардың сахнадағы еркіндігі мен тың идеялары фестивальге ерекше серпін берді.






«Золотые россыпи»-тек шығармашылық бәсеке ғана емес, жас буын үшін тәжірибе алмасуға, жаңа есімдерді танытуға және мәдени көптүрлілікті дәріптеуге арналған маңызды алаң. Фестиваль жас таланттарды қолдаудың жарқын үлгісі ретінде есте қалып, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Нұрай Үсен
