Skip to content
Главная страница » Республика күніне орай,«Егемендіктің нышаны» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Республика күніне орай,«Егемендіктің нышаны» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды.

📌 Ағымдағы жылдың 23 қазан күні сағат 15.00 «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің» студенттер үйінде Республика күніне орай, «Егемендіктің нышаны» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
🔹 Кездесуге Жетісу облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес мүшелері, облысымыздың белсенді жастары және өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері қатысты.

🔹Кездесудің мақсаты – Ассамблея жастарының инновациялық жобаларымен таныстыру, жастардың қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру, білікті кадрлық резервті дайындау.

🔹 Шарада өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенді мүшесі Курмашева Заида, «LIDER.KZ» еріктілер орталығының басшысы, 2021 жылдың еріктісі, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы Матвей Викторович Шведин, «Үздік көшбасшы – 2021» және «Жаңа Қазақстан жастар саясатының үздігі – 2023» төсбелгілерінің иегері Ғазиз Аманжолұлы, 1 жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Айдос Асхатұлы Мырзахмет сөз сөйледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *