14 маусым күні Талдықорған қаласының Орталық жағажайында ұлттық рухқа, шаттыққа және татулыққа толы Сабантой мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылды!
Бұл — көктемгі егін науқанының аяқталуын тойлайтын татар халқының ежелгі әрі қуанышты мерекесі.
Мереке – түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, дәстүр мен еңбекті ұлықтайтын нағыз халықтық шараға айналды.
Бағдарламада: – Көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық ойындар – Жастан кәріге дейін қызыға қатысқан жарыстар: қаппен күрес, арқан тартыс, бағанға өрмелеу, катык ішу жарысы және тағы басқалар – Балаларға арналған қызықты конкурстар – Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі – Креативті концерт пен көңілді би, ән-күй
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал келген қонақтар татар қонақжайлылығын толық сезінді!
Сабантой – халықтың бірлігі мен достығының жарқын көрінісі болды!