Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, шынайы ақпарат таратудағы табандылықтарыңыз – қоғамдағы ашықтық пен сенімнің кепілі. Сіздер қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға, татулық пен тұрақтылықты дәріптеуге зор үлес қосып келесіздер.
Әрбіріңізге шығармашылық табыс, тың жаңалықтар мен биік белестер тілейміз! Елімізге ортақ істерде әрдайым алғы шепте жүре беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы!


