Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – теріс құбылыс» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
🟢 Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі – Атсалим Саламович Идигов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының офицері – Изгуттиева Әсем Темірбайқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, мәдениет, архивтер және құжаттама, жұмыспен қамтуды үйлестіру, дін істері, цифрлық технологиялар, мемлекеттік сатып алу, қаржы, жер қатынастары, денсаулық сақтау, ветеринария, ауылшаруашылық, білім басқармалары және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ассамблея кафедрасының студенттері қатысты.






