Skip to content
Главная страница » Талдықорғанда «Шаңырақ» облыстық этножурналистика байқауының қорытындысы шығарылды

Талдықорғанда «Шаңырақ» облыстық этножурналистика байқауының қорытындысы шығарылды

Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» дәстүрлі облыстық «Шаңырақ» этножурналистика саласындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Бұл шара өңірдегі журналистер қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналып, БАҚ өкілдерін, этномәдени бірлестіктерді және шығармашылық ұйымдарды біріктірді.

Қатысушыларға арнап «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Еркебұлан Ақболатов құттықтау сөз сөйледі. Ол биылғы байқаудың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілуіне байланысты ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Жобаның миссиясы – көпұлтты Қазақстанның рухани бірлігін нығайту, этностардың бейбіт қатар өмір сүру идеяларын ілгерілету және толеранттылық мәдениетін дамыту. Бүгін біз қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікке үлес қосып жүрген журналистерді құрметтейміз», — деді Еркебұлан Ешмұхамбетұлы.

Байқауға республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Әділқазылар алқасына (оның құрамына танымал журналистер мен медиа мамандар кірді) мемлекекттік және орыс тілдеріндегі жарияланымдар, сондай-ақ ұлтаралық келісім тақырыбын қамтитын телевизиялық және бейнематериалдар ұсынылды.

Биылғы байқаудың ерекшелігі – номинациялар санының кеңейтілуі және жүлде қорының ұлғайтылуы. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

НоминацияЖеңімпаздар
Үздік телевизиялық материалНадежда Белова, Карина Закриева, Шалқар Нұрмұхамбет
Үздік бейнероликМирас Алтынбеков, Мәулен Бейсенбай, Жарқын Ахмед
Баспа басылымдарындағы үздік жарияланымАйдын Қалымхан, Наталья Денисова, Мұхтар Күмісбек

Салтанатты рәсім этномәдени орталықтардың күшімен дайындалған жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *