Ү.ж. 18 – 19 шілде аралығында Алакөл ауданының Үшарал қаласы мен Қабанбай ауылдық округінде «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕКТОРИЙ» ұйымдастырылды. Шараға аудандық Ақсақалдар мен Аналар кеңестері, этномәдени бірлестік өкілдері, Ақжар, Екпінді, Жыланды, Көлбай, Лепсі, Сапақ, Тоқжайлау ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметкерлері, жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар, ауылдық мәдениет үйлерінің директорлары, еріктілер және кітапханашылар қатысты. Лектор Бақыт Амангелді тағылымды баяндама жасады. Лекторийде қатысушыларға қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі принциптерінің айырмашылықтары, тұрақтылық пен дамуға қолдау көрсету мақсатында барлық қоғамдық күштерді нығайтуға, азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын, ғылым мен мәдениет салаларын тарту және азаматтық қоғам мен мемлекеттің қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін үйлестіру ақпараттар берілді. Сонында қатысшыларға сертификаттар табысталды.





