Skip to content
Главная страница » «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» 2023

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» 2023

2023 жылдың 14 қарашада Достық үйінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумының аясында мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасында облыстық байқау өткізілді

Байқау IV турдан тұрды. I тур «Жақсы адам – елдің ырысы. Жақсы жер – жанның тынысы». Қатысушылар 2 минутта өздерін таныстырды. Бұл кезеңде қатысушылардың киім кию үлгісі, интонациясы және ораторлық шеберлігі ескерілді.

II тур «Өнерлі өрге жүзер». Байқауға қатысушылар өздерінің өнерлерін көрсетті. Байқау талаптарына сәйкес 1 әнді фонограмманы қолданбай жанды дауыста орындау қажет. Орындалатын әннің тақырыбы руханият пен имандылықты насихаттайтын патриоттық болуы керек. Бағалау барысында қатысушылардың әртістік шеберлігі, бейнені көркем аша алуы, ән техникасы, сахналық мәдениет ескерілді.

III тур «Тіл – сөздің мәйегі». Байқау қатысушыларына сұрақтармен билет берілді. Байқау талаптарына сәйкес, қатысушылардың осы турда саналылығы, тіл байлығы, шапшаңдығы, ой өрісі, шығармашылық қабілеттері ескерілді.

IV тур «Еңбегі көптің, өнбегі көп». Осы турда қатысушының таңдауы бойынша белгілі қазақ ақындарының кез келген шығармасын жатқа айтылды. Өлеңді жатқа оқу кезінде дауыстың интонациясы, беру техникасы, эмоционалдылық және қатысушылардың сахналық костюмі ескерілді.

Сайыс барысы бойынша бағалау комиссиясының әділ шешімімен жүлделі 3 орынды, 70 000 теңгелік сертификатты Қаратал ауданынан келген Даутова Людмила Геннадьевна иеленді. Жүлделі 2 орынды 100 000 теңгелік сертификатты Ақсу ауданының тұрғыны Мугамедгариев Нияз Салабатович иеленсе, жүлделі 1 орынды 150 000 теңгелік сертификатты Талдықорған қаласының тұрғыны Сейтбекова Наурызгул Азизбековна иеленді. Қалған қатысушылар ынталандыру ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *