Үстіміздегі жылдың 27 қарашада Жетісу облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Әділетті Қазақстан-жастардың таңдауы» атты тақырыпта жастар сессиясы өткізілді.
Сессияға «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, басқа да өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестіктері және Жетісу облыстық «Ассамблея жастары» белсенділері қатысты.
Негізгі мақсаты:
Жастардың Республика, облыс, қала, аудан, көлеміндегі қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар жыл бойы жүзеге асырылған іс-шаралар және алдағы уақыттағы тың идеалары мен пікірлерін тыңдау, іс-тәжірибе жинау.





