Жетісу облысында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған “Заң мен тәртіп” тақырыбында кең көлемді кездесу ұйымдастырылды. Шараға Ассамблея жастары, Студенттік Ассамблея мүшелері, қала жастары және белсенді азаматтар қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер – қалалық полиция басқармасының өкілдері, прокуратура қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың мамандары қоғамдағы заңдылық пен тәртіптің рөлі туралы салмақты әрі пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Қауіпті трендтер талқыланды
Спикерлер жастарды алаңдататын және олардың өміріне қауіп төндіретін өзекті мәселелерді талқылады. Негізгі тақырыптар қатарында:
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруінің заңды ережелері мен салдары;
- “Закладчик” наркокурьерлер қызметіне қатысты қылмыстық жауапкершілік;
- “Дроперлер” — қаржылық алаяқтыққа еріксіз қатысушы болып қалу қаупі;
- Және басқа да өзекті құқықтық мәселелер қозғалды.
Аталған кездесу жастарға құқықтық білім берудің тиімді алаңына айналып, олардың заңды бұзушылықтардың қауіпті салдарын терең түсінуіне мүмкіндік берді.

