«Жаңа толқын» жобасы: Ассамблея жастары жаңа мүмкіндіктер мен идеялар толқынында
Жетісу өңірінде жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған «Жаңа толқын» жобасы аясында кезекті мазмұнды кездесу өтті. Бұл жолы Ассамблея жастары тәжірибелі спикермен еркін форматта сұхбаттасып, қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесудің басты қонағы – Дәулетбаев Ержан Жанатұлы. Жиын жас белсенділер үшін тек ақпарат алу алаңы емес, нағыз мотивация мекеніне айналды.


Еркін формат және тәжірибе алмасу
Кездесу барысында Ержан Жанатұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, бүгінгі жастардың алдында тұрған мүмкіндіктер мен сын-қатерлер туралы ой қозғады. Спикер жастарды үнемі ізденісте болуға, шығармашылық идеялардан қорықпауға және мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуға шақырды.
Нұрай Үсен
