📌 Жаркент қаласында Панфилов аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының I сессиясы өтті
Бүгін Жаркент қаласында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясы ұйымдастырылды.
🤝 Жиынға Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер, Аналар кеңесі, жастар өкілдері және Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қатысты.
Сессия барысында этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық тұрақтылықты нығайту және Ассамблея жұмысына жаңа серпін беру мәселелері талқыланды.
🔹 Қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың:
“Жұртымыз үшін ең үлкен марапат — елдің тыныштығы. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай” – деген сөзін ерекше атап өтті.
✨ Сессия қорытындысында қатысушылар бірлік пен татулықты нығайту жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.
____________________________ 






