🔹Бүгін 2024 жылғы 25 сәуірде Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында облыстық этномәдени бірлестік мүшелерінің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 90 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.
🔸Екі жүк көлігі тұрмыстық қажетті заттармен азық-түлікпен толтырылып, жолданды. Су тасқыны мен оның салдарымен күресу кезінде көмек ретінде резеңке аяқ-киімдер, жарықшамдар (фонарь), жатын шатырлар жіберілді.
🔹Гуманитарлық көмекті жинауға ҚХА облыстық этномәдени бірлестік төрағалары және мүшелері, кәсіпкерлер қауымдастығы, еріктілер және Ассамблея жастары белсене қатысты.
