Ү.ж 12 шілде күні, Жетісу облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері нашақорлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, лудоманияның алдын алу мақсатында «Зұлымдықсыз қоғам» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, өздері салған суреттерді бейнелеп, көрермендерге көрсетіп, аталған мәселелер ғасыр дерті екенін анық жеткізе алды.
Шарада «Өрнек» би ансамблінің терең мағынаға толы биі көрсетіліп, Жетісу облыстық Полиция департаментінің есірткі іс қимылына қарсы басқармасының өкілі нашақорлыққа қарсы флаер таратты.




