
Баймадиева Несіпжамал Қасымбекқызы
Жетісу облысының Аналар кеңесінің төрағасы
Аналар кеңесінің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту және дамыту қазақстандық бірегейлікті және жалпыұлттық бірлігін жетілдіру. Кеңес жүргізу бойынша консультациялық-ақпараттық жұмыс бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, әйелдер арасында түсіндіру, тұрмысы төмен және толық емес отбасыларға көмек көрсету.
Аналар кеңесінің негізгі міндеттері:
– мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу;
– азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
– орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
–қоғамдық келісімді сақтау мен азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы міндеттерін насихаттауға және ілгерілетуге белсенді қатысу.
Ааналар кеңесінің ұйымдастыруымен облыс бойынша «Ана-медиатор», «Рухтың күші – әкеде», «Ақ отауға – ақ бата», “Қызын тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу», «Ана денсаулығы – ұлт денсаулығы», «Жас отбасылар мектебі», «Ата-аналар мектебі», «Айналайын», «Ана әлдиі», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» жобалары, «Адал азамат», «Ақ орамал» акциялары іске асырылуда.
Жетісу облысында 111 Аналар кеңестері, оның ішінде, 1 облыстық, 2 қалалық, 8 аудандық, 100 ауылдық деңгейде кеңестер жұмыс істейді. Мүшелер саны 471 адам. Олар өзінің ортасында беделді, дана аналардан тұрады.