Skip to content
Главная страница » Басшылық

Басшылық

ИСАБАЕВ БЕЙБІТ ӨКСІКБАЙҰЛЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 

Білімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

Мансап

1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. «Өркен» – «Горизонт» газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды.

1997-2000 жылдарда – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.

2003-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

2008-2009 жылдарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

2009-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз, Әзербайжан республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.

2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі.

Үйленген, үш баласы бар.

Еркебұлан Ешмұхамбетұлы Ақболатов

“Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы” ММ “Қоғамдық келісім” КММ директоры

Еркебұлан Ешмұхамбетұлы Ақболатов
1994 жылы туған, білімі жоғары. У.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заң ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын Алматы облысы сот актілерін орындау Департаментінің баспасөз хатшысы ретінде бастаған. Кейін  Алматы облысы Әділет департаменті Атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының инспекторы, Алматы облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді есепке алу және бақылау бөлімінің бас маманы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖК Алматы облыстық филиалының консультанты, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖК Алматы облыстық филиалының өкілі,  «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Jetisý jastary» КММ директорының орынбасары,

2024 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Jetisý jastary» КММ директоры лауазымында қызмет атқарды.