Skip to content
Главная страница » Ақсақалдар

Ақсақалдар

Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының

жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Келемсеиіт Ермек Әбілмәжінұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мақсаты – мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу.

Ақсақалдар кеңесінің негізгі міндеттері:

    – мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу;

    – азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту;

    – қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет пен қоғамның «кері байланыс» тетіктерін ұйымдастыру;

    – жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру;

    – мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық жанжалдарды профилактикалауға, оларды шешуге, сондай-ақ оларды жанжалдан кейінгі реттеуге жәрдемдесу;

    – этномедиацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;

    – жастар арасында тәлімгерлік практикасын енгізу және жетілдіру, қоғамды шоғырландыру ісінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    – халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде білім мен тәжірибені беру.

    Жетісу облысында 124 Ақсақалдар кеңестері, оның  ішінде, 1 облыстық, 2 қалалық, 8 аудандық, 113 ауылдық  деңгейде кеңестер жұмыс істейді. Мүшелер саны 394 адам. Олардың құрамында этномәдени орталықтардың өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ өкілдері және ауылдық округ әкімдері мен  полицияның учаскелік инспекторлары бар.