
Идигов Атсалим Саламович
«Жетекші журналистер» клубының төрағасы
«Жетекші журналистер» клубының мақсаты – этножурналистика саласында шығармашылық конкурстарды ұйымдастыру, тоқсан сайын этносаралық тақырыптарды қамтитын мақалалар жариялау, татулық пен бірлікті насихаттау.
Міндеттері:
- толеранттылықты нығайту;
- мемлекеттегі этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени қоғамдастықты сақтау.
Клуб – толеранттылықты, ұлтаралық, қоғамдық келісімді және азаматтық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық алаң.
Қазіргі таңда клуб құрамында этносаралық қатынастар мәселелерін насихаттайтын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының (жетекшілері, бас редакторлары, тілшілері қатарынан) 8 журналист кірді.