Skip to content
Главная страница » Ассамблея жастары

Ассамблея жастары

Подгорнова Екатерина Анатальевна
«Ассамблея жастары» ҚБ төрағасы

«Ассамблея жастарының» мақсаты қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени ортақтық пен бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үрдісі негізінде колледждің студенттік қоғамында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету.

«Ассамблея жастарының» міндеттері:

1) ұлтаралық қарым-қатынаста, студенттік ортада ұлтаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайтуға қолайлы жағдай туғызу үшін Институт әкімшілігі мен студенттік өзін-өзі басқарудың тиімді байланысын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан қоғамындағы ішкі бәтуаластықтың басты құндылығы, студенттер бірлігін нығайту, демеу және одан әрі дамыту;

3) студенттердің еркіндік пен құқығына қысым көрсету, қарсы әрекетке ұмтылу бағытында колледж  әкімшілігіне жәрдем көртсету;

4) демократиялық үлгіге сүйене отырып, студенттердің саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

жастар арасында ұлттық бірегейлік пен қоғамдық сананы қалыптастыру;

5) жалпы қазақстандық құндылықтарды, саяси және құқықтық мәдениетті нығайту;

6) этносаралық қатынастар саласында негізгі конституциялық қағидаттар мен стандарттарды енгізу.

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазанда ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес құрылды.

2025 жылдан бастап Жетісу облысында құрамында 214-тен аса белсенді мүшесі бар «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі өз қызметін белсенді түрде жүргізіп келеді. Аталған бірлестік өңірдегі жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз ету, ел ішіндегі татулық пен келісімді нығайту, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Бірлестік құрамына 34 облыстық және 180 аудандық деңгейдегі жас көшбасшылар кіреді, олар жергілікті жерлерде түрлі қоғамдық бастамаларды іске асырып, жастар ортасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаттарын – татулық, бірлік, өзара құрмет пен толеранттылықты кеңінен насихаттауға өз үлестерін қосып келеді.

Ассамблея жастарының шығармашылығын қолдау және олардың заманауи мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы кабинет құрылды. Бұл кабинет – жастар үшін жан-жақты және ыңғайлы жұмыс орнын қамтамасыз ететін кешенді платформа. Қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған кабинет жастардың түрлі іс-шараларын, тренингтерін және семинарларын жоғары деңгейде өткізуге барлық қажеттіліктерді ұсынады.