
Белик Наталья Алексеевна
«Өңірлік славян қозғалысы» ҚБ төрағасы,
«Қазақстандық орыс мәдени орталығы» ҚБ Жетісу облысы филиалының төрағасы
Славян қозғалысы қызметінің негізгі мақсаттары:
- Славян халқының мәдени мұрасын дамыту, орыс, беларусь және украин тілдерін, олардың қолданылу аясын сақтау, халық арасында славян мәдениетін сақтау және дамыту, ұлттық және ұлтаралық қатынастардың үйлесімді дамуына ықпал ету;
- Жетісу облысы аумағында тұратын барлық этностық топтардың заңды мүдделерін білдіру, олардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және іске асыруға жәрдемдесу;
- Халықты орыс, беларусь және украин тілдеріне, аға ұрпақтың мәдениеті мен дәстүрлеріне тарту, славяндардың этномәдени өзіндік ерекшелігін сақтау және қорғау ісіне халықты жұмылдыру;
- Халықты ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құруға жәрдемдесу;
- Славян этносы өкілдерінің ұрпақтары мен тарихи Отаны арасындағы мәдени, зияткерлік және іскерлік байланыстарды кеңейту үшін қажетті жағдайлар жасау;
- Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына, Жетісу облысы азаматтарының азаматтық белсенділігін қалыптастыруға және дамытуға ғылыми-практикалық тұрғыдан жәрдемдесу;
- Жетісу облысында әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларға және азаматтық қоғамның түрлі институттарына қоғамдық сараптама жүргізу;
- Жетісу облысында бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік зерттеулер, тренингтік іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, фестивальдер және басқа да іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақ пен жастар арасында сауықтыру технологияларын, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықтарды, халықтың психологиялық мәдениетін насихаттау, танымал ету, дамыту және ілгерілету;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.