Skip to content
Главная страница » «Авив» еврей мәдени-қайырымдылық орталығы» ҚБ

«Авив» еврей мәдени-қайырымдылық орталығы» ҚБ

Возчиков Игорь Александрович

«Авив» еврей мәдени қайырымдылық орталығы» ҚБ төрағасы.

Қызметінің негізгі мақсаттары:

  • еврей және басқа да этнос өкілдерін біріктіре отырып, еврей халқының мәдени дәстүрлерін жаңғырту негізінде еврейлердің этнос ретінде және егемен мемлекеттің тең құқықты азаматтары ретінде еркін әрі жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау;
  • ұлтаралық келісімді нығайту;
  • еврей ұлты өкілдерінің ұлттық және мәдени өзіндік санасын қалыптастыру және түсінуі үшін жағдай жасау;
  • еврей мәдениетінің негізгі элементтері ретінде иврит және идиш тілдерінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • ұлтаралық қатынастарды үйлестіру, Қазақстан қоғамының жоғары рухани-адамгершілік әлеуетін сақтау мәселелерін шешуге ықпал ету;
  • еврей халқының мәселелері мен мүдделерін Қазақстан халқы Ассамблеясында таныстыру, оларды уақтылы шешу мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
  • мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарының мәдениет, өнер, әдебиетті дамытуға, еврей этносының ұлттық салт-дәстүрлері мен халықтық қолөнерін жаңғыртуға бағытталған бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • еврейлерді қазақ халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының рухани және мәдени құндылықтарымен таныстыру;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде еврей ұлты өкілдерінің Конституцияда көзделген репатриация және эмиграция құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;
  • азаматтардың құқықтарын, ар-намысы мен ұлттық қадір-қасиетін қорғау, антисемитизм мен нәсілшілдікке оның кез келген нысандары мен көріністерінде қарсы тұру;
  • Израиль мемлекетімен, басқа елдердегі еврей қауымдастықтарымен және еврей халықаралық ұйымдарымен байланыстарды кеңейту және нығайту;
  • Қазақстан Республикасы халқы арасында еврей халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы ақпараттандыру мақсатында мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу, Қазақстан Республикасының барлық халықтарымен ынтымақтастықты дамыту;
  • этносаралық мәселелер бойынша конференцияларға, кездесулерге, дөңгелек үстелдерге қатысу;
  • жарнамалық-баспа қызметін жүзеге асыру;
  • қайырымдылық қызметін жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.