
Заитов Турган Зурдунович
«Қазақстанның республикалық этномәдени ұйғыр орталығы» ҚБ Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы
Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:
- жарғыға (ереже) сәйкес қызметінің негізгі бағыттары.
Бірлестіктің қызметінің мәні:
- ұйғыр этносының қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде өзін-өзі сақтауына және өзін-өзі дамытуына қажетті әлеуметтік жағдайлар жасау.
Бірлестіктің қызмет түрлері:
- ұйғыр халқының мәдениетін сақтауға және жан-жақты дамытуға, оның рухани және басқа да әлеуметтік қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға жәрдемдесу;
- ұлттық мәдениеттің негізгі элементі ретінде ұйғыр тілін қорғау, оның қолданылу аясын кеңейту және дамытуды қамтамасыз ету бойынша кешенді әрі мақсатты жұмыстар жүргізу;
- халықтың тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту;
- конфессияаралық және этносаралық қатынастар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық саясатының теориясы мен практикасын түсіндіру;
- мәдени және тарихи ескерткіштерді зерттеу және қорғау, Қазақстан халықтарының озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу;
- ана тілін міндетті түрде білуге жәрдемдесу, мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігін түсіндіру және оны меңгеруге тиісті жағдайлар жасауға ықпал ету;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясатының іске асырылуына жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- Бірлестіктің Жарғысы шеңберінде қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен байланыс орнату және оны қолдау;
- ғылыми және мәдени ақпарат алмасу, халықаралық конференциялар мен басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мақсатында ТМД республикаларындағы ұйғырлармен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде тұратын ұйғырлармен байланыстар орнату және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
- баспа басылымдарын құру;
- орта арнаулы және жоғары оқу орындарын, академияларды құру;
- Бірлестік тек Жарғыда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.