Skip to content
Главная страница » «Алматы облысының корей этномәдени бірлестігі» ҚБ

«Алматы облысының корей этномәдени бірлестігі» ҚБ

Ли  Владимир Леонидович

«Жетісу облысының корей этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Бірлестіктің қызметінің мақсаты — корей халқының мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту, басқа халықтардың мәдениетіне, дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптары мен тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайту.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу;
  • корей тілін, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйренгісі келетін адамдарға үйірмелер ұйымдастыру және оқу әдебиеттерін сатып алу арқылы көмек көрсету;
  • конкурстар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен дәрістер өткізу;
  • спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
  • патриоттық және гуманистік тәрбие беру;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • демалыс кештерін, концерттерді, тарихи даталарға арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, корей мәдениеті мен өнеріне арналған көрмелер өткізу;
  • Қазақстан халықтарының, ТМД елдерінің басқа да этномәдени бірлестіктерімен байланыс орнату, бірлескен кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізу.