Skip to content
Главная страница » «Талдықорған немістерінің «Видергебурт» қоғамы» ҚБ

«Талдықорған немістерінің «Видергебурт» қоғамы» ҚБ

Музырина Светлана Владимировна

«Талдықорғандық немістердің «Видергебурт» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:

  • Қазақстандағы неміс этникалық қауымдастығын сақтау және дамыту бойынша ғылыми және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, практикалық ұсынымдар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының неміс ұлты өкілдерінен құралған азаматтардың өзара іс-қимылы және саяси, зияткерлік әрі мәдени элитасын қалыптастыру үшін мәдени, білім беру, экономикалық және әлеуметтік стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруға, тиісті жағдайлар жасауға ықпал ету;
  • Қазақстан Республикасының неміс ұлтына жататын азаматтарына олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесу;
  • ақпараттық-консультациялық қызметті ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары мен неміс ұлты өкілдері арасында ақпараттық және рухани алмасуды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытуға қатысу;
  • «Талдықорғандық немістердің «Видергебурт» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қызмет мақсаттарына сәйкес келетін мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қатысу;
  • «Талдықорғандық немістердің «Видергебурт» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасындағы басқа да үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдармен байланыс орнату;
  • облыстық, қалалық және аудандық мәдени орталықтардың, ұлттық тілде білім беретін мектептердің, сондай-ақ неміс халқының тілін, мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін үйренуге және таратуға ниетті адамдарға арналған курстардың құрылуына және жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
  • неміс ұлтының шығармашылық өкілдері мен ғалымдарына көмек көрсету;
  • неміс тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, сондай-ақ Қазақстан немістерінің қызметін насихаттауға бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға және таратуға жәрдемдесу;
  • Қазақстан немістерінің рухани жаңғыруына ықпал ету;
  • ұлттық сана-сезімді, этникалық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, діннің дәстүрлі нысандарын және қазақстандық патриотизмді заманауи тәрбиелеуді дамыту;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ұйымдары арқылы білім беру процесіне қатысу;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсету; мәдениет, өнер, ғылым және білім беру мекемелеріне, ұйымдарына және осы салалардың өкілдеріне ұйымдастырушылық, құқықтық, әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету;
  • жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу, жастардың білім беру ұйымдарында білім алуына, Қазақстан Республикасының және жақын әрі алыс шетелдердің жоғары оқу орындарына түсуіне дайындалу мүмкіндіктерін іздестіру және т.б.