Skip to content
Главная страница » «Татар мәдениетінің «Туган теіл» орталығы» ҚБ

«Татар мәдениетінің «Туган теіл» орталығы» ҚБ

Файзулина Эльмира Рафиковна

«Туган тел» татар мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:

  • ана тілін, татар әдебиеті мен тарихын оқып-үйренуге және жетілдіруге арналған үйірмелер мен курстар ұйымдастырады;
  • музыка және хор өнері жетекшілерін, көркемөнерпаздар ұжымдарын даярлау мәселелерін шешеді;
  • араб әліпбиін үйренуге арналған арнайы үйірме ұйымдастырады. Бұл үйірме араб әліпбиімен жазылған татар классиктерінің шығармаларын оқып-үйренуге мүмкіндік береді;
  • сахналық, вокалдық-хореографиялық өнер бағыттары бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарын құрады, олардың көпшілік алдында өнер көрсетуін ұйымдастырады, таланттарды анықтау мақсатында конкурстар мен басқа да іс-шаралар өткізеді және анықталған дарынды жастардың шығармашылық ұжымдардың құрамын толықтыруына ықпал етеді; аса талантты жастардың арнаулы білім алуына жәрдемдеседі; кітапханалар, оқу залдары, татар халқының өнер туындылары көрмелерін, ұлттық тарихи-өлкетану және этнографиялық музей құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • музыка және ән айту үйірмелерін ұйымдастырады, татар музыкасы мен әндерін үйренуге ниет білдірген барлық азаматтарды осы үйірмелерге тартады;
  • татар халқы арасында қазақ тілін үйренуге жәрдемдеседі;
  • «сталиндік режим» кезеңінде Қазақстанға жер аударылған және қуғын-сүргінге ұшыраған татар этносы өкілдерін ақтау және олардың жақсы есімдерін қалпына келтіру бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізеді;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.