
Бірлестік филиалы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Қазақстанда тұратын күрд ұлты өкілдерінің мәдениетін, озық халықтық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жан-жақты дамытуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік және рухани қажеттіліктері мен өзге де заңды мүдделерін барынша толық қанағаттандыруға қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
- Қазақстандағы этносаралық келісім мен бірлікті сақтауға жан-жақты жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұратын күрдтердің барлық халықтармен бірлік және тең құқықтылық қағидаттары негізінде рухани, мәдени және этникалық тұрғыдан топтасуына ықпал ету;
- күрд халқының тарихын жаңғырту және мәдениетін дамыту;
- мүшелердің шағын және орта бизнесті ұйымдастыруға бағытталған экономикалық бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде фестивальдер, байқаулар, концерттер, ғылыми, практикалық және әдістемелік семинарлар өткізу арқылы күрдтердің ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
- бейнелеу өнері және халықтық қолөнер көрмелерін ұйымдастыру;
- күрд халқының тарихы және олардың Қазақстанға қоныс аударуы туралы дәрістер ұйымдастыру;
- жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамытуға және нығайтуға бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізу.