
Путахиди Галина Георгиевна
«Жетісу облысының «ЭЛЛАДА» грек бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:
- Қазақстанда тұратын грек ұлты өкілдерінің мәдениетін, озық ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жан-жақты дамытуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік, рухани қажеттіліктері мен өзге де заңды мүдделерін барынша толық қанағаттандыруға қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2030» стратегиясы туралы Жолдауының ережелерін іске асыруға қатысу;
- Қазақстандағы этносаралық келісім мен бірлікті сақтауға жан-жақты жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұратын гректердің барлық халықтармен бірлік және тең құқықтылық қағидаттары негізінде рухани, мәдени және этникалық тұрғыдан топтасуына ықпал ету;
- грек халқының тарихын жаңғырту және мәдениетін дамыту;
- мүшелердің шағын және орта бизнесті ұйымдастыруға бағытталған экономикалық бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде фестивальдер, байқаулар, концерттер, ғылыми, практикалық және әдістемелік семинарлар өткізу арқылы гректердің ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
- бейнелеу өнері және халықтық қолөнер көрмелерін ұйымдастыру;
- грек халқының тарихы және олардың Қазақстанға қоныс аударуы туралы дәрістер ұйымдастыру;
- жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамытуға және нығайтуға бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізу.