Skip to content
Главная страница » «Алакөл-Социум-Диалог. Алакөл ауданының славян мәдениетінің аудандық орталығы» ҚБ

«Алакөл-Социум-Диалог. Алакөл ауданының славян мәдениетінің аудандық орталығы» ҚБ

Власенко Клавдия Васильевна

«Алакөл-Социум-Диалог. Алакөл аудандық славян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Бірлестіктің қызметінің мәні:

  • қоғамның экологиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуге және оның тұрақты дамуына бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • экологиялық және мәдени-этнографиялық туризмді дамыту;
  • жастар саясатын қолдау, қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;
  • халықтың барлық топтары арасында экологиялық ағарту және экологиялық білім беру жұмыстарын жүргізу;
  • адам құқықтарын қорғауға жәрдемдесу;
  • қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ халыққа әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған жобаларға қатысу;
  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
  • салауатты өмір салтын насихаттау және темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС инфекциясының таралуына қарсы күреске, туберкулезбен және басқа да әлеуметтік қауіпті аурулармен күресуге бағытталған жобаларға қатысу;
  • балалар мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңес беру;
  • әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және болдырмау, отбасының рухани-адамгершілік тұрғыдан жаңғыру жүйесін, ана мен әке болудың беделін дамыту, отбасылық дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту;
  • кәмелетке толмағандар, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан оралғандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; қараусыз және қадағалаусыз қалған балалар санын азайту жөнінде шаралар қабылдау;
  • қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға, балалар мен жастарға, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға, аз қамтылған отбасыларға және кәмелетке толмаған аналарға оңалту және кешенді көмек көрсетуге қатысу;
  • ата-аналар қауымдастығының қызметін үйлестіру;
  • жергілікті қоғамдастықтың бар проблемаларға назарын аудару және оларды шешуге қоғам мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету;
  • славян халықтарының тілдерін дамытуға, олардың тазалығы мен өзіндік ерекшелігін, рухани құндылықтарын және ұлттық сана-сезімін сақтауға жәрдемдесу, славян мәдениеттерін жаңғырту, сақтау және дамыту;
  • елдегі түрлі халықтардың мәдениеттерінің өзара байытылуына ықпал ету;
  • қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;
  • этносаралық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу;
  • түрлі халықтар өкілдері арасындағы достықты нығайтуға, олардың тарихы мен мәдениетін зерделеуге ықпал ету;
  • ұлттық мәдениеттер мен тілдер мерекелерін, көрмелер мен студияларды ұйымдастыру;
  • діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға жәрдемдесу;
  • этносаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті және мемлекеттік рәміздерге құрметті нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға қатысу;
  • құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу.