Skip to content
Главная страница » ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жетісу облысының Ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп, өңіріміздегі қазыналы қарттарымызды арнайы құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Қарияларымыздың ақылы мен өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес өнеге.

Ізгі шара барысында қарттарға жылы лебіздер айтылып, сый-сияпаттар табысталды. Бұл – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі.

Қадірлі қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Әрдайым ұрпақтарының ортасында абыройлы болып, ақ баталарыңызды беріп жүре беріңіздер!

Қарты бар ел – қазыналы ел!

Пікір қалдырыңыз