Өңірде «Erntedankfest» – егін жинау және алғыс айту мерекесі өтті.
Аталған шара Жетісу облысы немістерінің «Видергебурт» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен іске асты.
Erntedankfest — неміс халқының егіннің мол жиналуына, жердің берекесіне және табиғаттың сыйына алғыс білдіруге арналған дәстүрлі мейрамы.
«Ernte» — егін жинау, ал «Dank» — алғыс деген мағынаны білдіреді.
