Skip to content
Главная страница » Жастарға бағыт-бағдар: Мемлекеттік қызметшілерге арналған танымдық дәріс өтті

Жастарға бағыт-бағдар: Мемлекеттік қызметшілерге арналған танымдық дәріс өтті

«Қоғамдық келісім» КММ Халық кеңесі жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Сансызбай Құрметбек Сансызбайұлы мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу курсы барысында еркін форматта танымдық-тағылымдық дәріс өткізді.

Дәріске мемлекеттік қызметке жаңадан келген және бірнеше жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген 40-қа жуық жас маман қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен жауапкершілігі, елде жүзеге асырылып жатқан реформалар, мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы міндеті, адамгершілік пен азаматтық ұстаным, шынайылық, адалдық және парасаттылық қасиеттері кеңінен сөз етілді.

Сонымен қатар, жас мамандардың өмірлік ұстанымдарына қатысты маңызды тақырыптар, атап айтқанда, жар таңдау, отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасы мен қызмет арасындағы үйлесімділік, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері қозғалды.

Әңгіме барысында қазіргі заманғы технологиялардың қарқынды дамуы, жасанды интеллект жүйелерінің қоғам мен мемлекеттік басқаруға ықпалы, жаңа технологияларды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану қажеттілігі жөнінде де пікірлер айтылды.

Дәрістің негізгі өзегі – жас мемлекеттік қызметшілердің ел болашағына жауапкершілікпен қарауы, өздерін Қазақстанның бүгінгі және ертеңгі дамуына тікелей жауапты азаматтар ретінде сезінуі, кәсіби білімімен қатар адами қасиеттерін де дамытуы болды.

Дәріс шамамен 2 сағат 15 минут бойы үздіксіз жүргізіліп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылықпен қабылданды. Тыңдаушылардың белсенділігі мен тақырыптарға деген ықыласы дәрістің еркін пікір алмасу және тағылымдық әңгіме форматында өтуіне мүмкіндік берді.

Пікір қалдырыңыз