Жетісу облысында қытай халқының дәстүрлі «Чжунцюцзе» – Ай тоқашы мерекесіне арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Мыңдаған жылдық тарихы бар бұл мереке – отбасы бірлігінің, достықтың, татулық пен өзара сыйластықтың символы. Мереке барысында қонақтар қытай халқының салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнерімен жақынырақ танысты.

Шара барысында «Күміс тамыр» этномәдени бірлестігінің ардагерлері мен белсенді өкілдеріне алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды.
🎶 Мерекелік концерттік бағдарламада қазақ, қытай және өзге де халықтардың өнері тоғысып, ән мен би арқылы мәдениеттер үндестігі көрініс тапты. Сахнада «Өрнек» хореографиялық ансамблі, «Ачимноуль» халықтық ән-би ансамблі және өнерпаздар өнер көрсетті.

✨ Сондай-ақ қонақтар «Қытайды қаншалықты білесіз?» атты танымдық викторинаға қатысып, қызықты сұрақтарға жауап берді.
🇰🇿 Қазақстан – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ортақ үйіміз. Осындай мәдени кездесулер өзара құрметті, достықты және қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосады.
