2023 жылдың 7 желтоқсанда Жетісу облысының «Қоғамдық келісім» КММ, «Қоғамдық даму басқармасы» ММ ұйымдастыруымен «Үздік отбасы» жобасы аясында Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында, Жетісу облысының аудандары мен қалаларынан үлгілі енелер мен келіндер арасында “Ене мен келін” байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: отбасыда ене мен келіннің жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру, өзара сыйластық, өзара түсіністік және бір-бірін қолдау.
Конкурстың міндеті: отбасы ішіндегі адамгершілікті, үлгілі мінез-құлықты насихаттау, отбасының ажырамас бөлігі болып табылатын енесі мен келіні арасындағы үлгілі оң қарым-қатынасын, келіннің енесіне деген құрметін арттыру.
Облыстық байқауға әр ауданда, қалада үздік деп танылған отбасылар (енесі мен келіні) қатысты.
Байқау III турдан тұрды.
I тур – аудан немесе қалада үздік деп танылған, облыстық байқауға қатысушы отбасының таныстыруы (ене келінін, келін енесін сөзбен, өлең, бейнероликпен немесе әнмен таныстыруы);
II тур – әрбір қатысушы отбасы өздеріне алдын ала арнайы берілген үй тапсырмасын орындады (көрініс, қойылым ретінде);
III тур – әрбір келін қамыр илеп, оны жайып, кеспе кесіп жарысты.
Сайыс барысы бойынша бағалау комиссиясының әділ шешімімен
📍Жүлделі 3 орынды және 30 000 теңгелік сертифкатқа Алакөл ауданы ие болды.
Жүлделі 2 орынды және 40 000 теңгелік сертификатқа Қаратал ауданы ие болды.
📍Жүлделі 1 орынды және 50 000 теңгелік сертификатқа Текелі қаласы ие болды.
📌Гран при және 60 000 теңгелік сертификатқа Сарқан ауданы ие болды.
Қалған қатысушылар ынталандыру ақшалай сертификаттармен марапатталды.



